KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
499.04 544.45 5.96

Қазақстан колледждерінің «ТОП-100 студенті» байқауы басталды

Фото: istockphoto.com

Кеше, 14:00 69 Гульжан Мусина

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық «ТОП-100 студент» конкурсының басталғандығын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Байқаудың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі талантты, болашағынан үміт күттіретін студенттерді анықтау және қолдау. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін қалыптастыру көзделген.

Байқау кезеңдері:

Іріктеу кезеңі – колледж ішінде өткізіледі.
Өңірлік кезең – әр колледжден бес студент қатысады.
Республикалық кезең – әр аймақтан үздік 10 студент қатысып, шешуші сынға түседі.

Қатысушылардың жұмыстары келесі бағыттар бойынша сарапшылардың бағалауынан өтеді:

  • Білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар
  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Бизнес, басқару және құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат
  • Ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
  • Қызмет көрсету саласы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу