KZ
Өскемен
-1°
ясно Штиль
515.03 584.82 6.24

15 сәуір – махаббат пен мәдениеттің тоғысқан күні

15.04.2025, 12:30 155 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда 15 сәуір – ұлттық ғашықтар күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн халқымыздың мәдени мұрасында ерекше орын алатын Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға арналған. Қазақ фольклорындағы осы қос кейіпкер мәңгілік махаббаттың, адалдық пен кіршіксіз сезімнің символы ретінде танылған, деп хабарлайды Altaіnews.kz тілшісі.

Қозы мен Баянның махаббат жыры ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, халық жадында сақталып келеді. Олардың шынайы, қиындыққа мойымаған махаббаты бүгінгі жастарға үлгі бола алады.

Ұлттық ғашықтар күні ретінде бұл мереке Қазақстанда 2011 жылдан бастап ресми емес түрде тойлана бастады. Жастар арасында танымалдығы артып келе жатқан бұл күн – шынайы сезімді дәріптеп, махаббаттың құндылығын ұлықтайтын күн.

Мерекеге орай еліміздің түрлі өңірлерінде поэтикалық кештер, шығармашылық байқаулар, театрландырылған көріністер мен флешмобтар ұйымдастырылып келеді. Бұл күн махаббатты құрметтеу мен оны бағалай білудің символына айналды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу