Бүгін «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні
Фото: massaget.kz
Бүгін, 15 сәуірде елімізде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні» деген атауға ие ғашықтар күні аталып өтілуде.
Мереке 2011 жылы 14 ақпанда Ғашықтар күніне балама ретінде пайда болды және XIV-XV ғасырларда өмір сүрген Қозы Көрпеш – Баян сұлу махаббатының символы ретінде белгіленген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық аңызында махаббат пен достық, тазалық пен нәзіктік, адамгершілік пен әдеп туралы айтылған.
Мөлдір де нәзік сезімді, екі жүрек арасындағы махаббатты білдіретін мерекеде әдетте жас жұбайлар некесін тіркеуге асығады.