KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
511.92 588.91 6.44

8 миллионнан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады

21.05.2025, 17:00 133 Гульжан Мусина

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытудың маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. ҚР Туризм және спорт министрлігінің дерегінше, бүгінгі таңда халықтың 40,4%-ы, яғни 8,4 миллионнан астам адам тұрақты түрде спортпен және дене шынықтырумен айналысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министрлік 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.

2024 жылдың қорытындысы бойынша, спортпен айналысатындардың қатары мектеп жасындағы балалардан бастап зейнет жасындағы азаматтарға дейін кеңейіп отыр. Ауылдық жерлерде де дене шынықтырумен айналысатындар саны артуда. Қазіргі таңда ауылда тұратын үш миллионға жуық адам спортты өмір салтына айналдырған.

Өңірлерге келсек, Алматы қаласы, Түркістан облысы, Астана, Алматы облысы және Шымкент қаласы спортқа ең жақын аймақтар ретінде көш бастап тұр. Бұл жерлерде халықтың белсенділігі жоғары, инфрақұрылым да жақсы дамыған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу