KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
522.63 548.66 5.07

ШҚО-да халықтың 42 пайызы спортпен шұғылданады

Фото: depositphotos.com

9.08.2024, 11:38 97 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан соңғы жылдары бұқаралық спортты дамыту бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Спортты насихаттау арқылы халықтың денсаулығын жақсарту және белсенді өмір салтын қалыптастыру мақсатында өңірде көптеген шаралар атқарылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыста дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 305 989 адамға жетіп отыр. Яғни, өңір халқының 42%-ы спортпен айналысады деген сөз. Бұл – ел бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі, себебі республикалық орташа көрсеткіш 39,3%-ды құрайды.

Жыл басынан бері өңірде 150 облыстық, 43 республикалық, 1 халықаралық спорттық-бұқаралық іс-шара өтіп, 5 мыңға жуық адам қамтылды. Оларға әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы азаматтар қатысуда: балалар, ересектер, қарт адамдар. Аудандарда да жергілікті жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу