KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

ШҚО-да спортпен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адам саны артқан

20.08.2023, 14:10 737 Ләззат Қанатқызы

Соңғы жылдары спортпен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдар саны артып келеді. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 51 325 адамға жеткен.

ШҚО елімізде спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны бойынша екінші орынға ие, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталған көрсеткіш бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр. Онда 5600-ден астам адам тұрақты түрде спортпен айналысады. Ал ШҚО-да 4997 адам болса, үшінші орындағы Астана қаласында 4500-ден ерекше қажеттіліктері бар адам спортпен айналысады.

Айта кету керек, елордада ерекше қажеттіліктері бар спортшылар санының ең қарқынды өсуі байқалды. Үш жыл ішінде олардың саны үш мыңнан астам адамға өсті. Екінші орынға тағы да ШҚО жайғасты. Онда өсім бір жарым мың адамға артқан.

- Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін денешынықтырумен айналысуға жағдай жасамай, бұқаралық спортты дамыту мүмкін емес. Қазақстанда осындай адамдарға арналған 15 спорт клубы мен 3 мектеп, сондай-ақ Алматы облысында спортты дамытудың бір дирекциясы жұмыс істейді. Біз спорттық инфрақұрылымды қолжетімді етуге ниеттіміз, сондықтан қазір еліміздің әртүрлі өңірлерінде 100-ден астам жаңа нысан салу жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив