KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Елімізде кассациялық сот құрылады 

Фото: depositphotos.com

24.06.2025, 18:30 127 Гульжан Мусина

Елімізде сотқа жүгіну бұрынғыдан да жеңілдей түсті. Енді азаматтар сотқа құжаттарды онлайн жіберіп, істің барысын интернет арқылы бақылай алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта сот отырыстары да қашықтан өткізіле бастады. Бұл сот төрелігінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Сот төрелігін цифрландыру – бұл жай ғана технологиялық прогресс емес, сот жүйесіне деген сенімді нығайтудың нақты құралы. Саланы реформалау бойынша жасалған тағы бір қадам – кассациялық соттың құрылуы. Онда айыпталушылардың ісі қайта қаралмайды. Тек төменгі соттардың шығарған шешімінің қаншалықты заңға сай екенін тексеріледі.

— Қазіргі таңда ең күрделі реформалардың бірі – кассациялық соттарды құру. Біздің елімізде 1 шілдеден бастап үш дербес сот құрылады кассациялық деңгейде. Ол әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі соттар, — дейді Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Нұрлан Әубәкіров.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу