Прокуратура зейнеткерге пәтерін қайтаруға көмектесті – ШҚО
Фото: bizmedia.kz
ШҚО Самар ауданының прокуратурасы 82 жасар ауыл тұрғыны Б. Қайчубаевтың тұрғын үйге құқығын қалпына келтіруге көмектесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аудан прокурорының жеке қабылдауына келген үшінші топтағы мүгедек бұрын тұрған баспанасына құқығын қалпына келтіруге көмектесуді өтінген.
Зейнеткердің жатақханадағы жалғыз бөлмесі заңдастыру комиссиясының шешімімен басқа тұлғаға заңсыз берілген болып шықты.
Аудан прокуратурасы зейнеткерге Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіруге көмектесіп, осы жылдың 1 ақпанында жергілікті соттардың актілері күшін жойып, іс қайта қарауға жіберілді. Нәтижесінде, 8 сәуірде ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты заңдастыру комиссиясы шешімінің күшін жойды.
Қайчубаевтың тұрғын үйге деген құқығы қалпына келтірілді.