KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
502.57 591.68 6.42

Ең төменгі жалақы келер жылдан бастап көтерілуі мүмкін

depositphotos.com

30.06.2025, 11:00 190 Әбішев Ержан

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, өткен жылы ең төменгі жалақыны есептеудің жаңа әдістемесі қабылданған. Онда еңбек өнімділігі мен медиандық жалақы арасындағы байланыс ескерілген.

– Қазіргі кезде бірнеше ғылыми-зерттеу институты өңірлер мен салалар бойынша еңбек өнімділігі, медиандық еңбекақы және инфляция деңгейіне қатысты нақты деректерді жинап жатыр. Осы көрсеткіштердің бәрі ең төменгі жалақыны белгілеу кезінде негізге алынады, – деді Светлана Жақыпова Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысы алдында журналистерге берген сұхбатында.

Тілшілер ең төменгі жалақы қанша теңгеге өсетінін сұрағанымен, министр нақты сандар зерттеулер аяқталғаннан кейін белгілі болатынын айтты.

– Ең төменгі жалақы мөлшерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру көзделіп отыр. Сондықтан тиісті зерттеулер мен есептеулер жыл соңына дейін аяқталады, – деді министр.

Айта кетейік, қазіргі кезде елімізде ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу