KZ
Өскемен
-23°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
509.75 594.67 6.46

Апта ішіндегі аламан: Қазақстан спортшылары 6 елде сынға түседі

pixabay.com

30.06.2025, 19:00 485 Төлеуғазы Жансая

30 маусым мен 6 шілде аралығында Қазақстан спортшылары түрлі елдерде өтетін халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды. Әлем және Азия кубоктары, ірі турнирлер мен ұлттық іріктеу бәсекелері осы аптада көрерменнің назарын өзіне аударады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әлем кубогі – Астанада

30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада бокстан ерлер мен әйелдер арасында Әлем кубогі өтеді. Ауқымды жарысқа 30 елден 440-қа жуық спортшы қатысады. Қазақстанның намысын 20 былғары қолғап шебері қорғайды.

Күрес – Испания төрінде

1–5 шілде күндері Испанияның Мадрид қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтеді. Бұл додада ел құрамасынан 8 палуан белдеседі.

Гимнасттар – Португалияда

2–8 шілде аралығында Португалияның Коимбра қаласында өтетін Coimbra Gym Fest 2025 халықаралық турнирінде еліміздің батут гимнастикасынан 8 спортшысы өнер көрсетеді.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты

4–10 шілде күндері Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер және юниорлар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. 27 елден 300-ге жуық спортшы қатысатын додада Қазақстан сапынан 32 зілтемірші сынға түседі.

Стенд атудан – Италияда

4–14 шілде аралығында Италияның Лонато қаласында стенд атудан Әлем кубогі ұйымдастырылады. Бұл сында елімізден 6 спортшы медаль үшін таласады.

Ұлттық бәйгеде – іріктеу жарысы

6 шілде күні Астанадағы «Қазанат» ипподромында бәйгеден ел біріншілігіне іріктеу турнирі өтеді. Жарысқа Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан және еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам шабандоз қатысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу