KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
510.18 601.91 6.51

Суды рұқсатсыз пайдаланғандарға 1,7 млн теңге айыппұл салынды

Фото: pexels.com

28.07.2025, 13:00 173 Гульжан Мусина

Сырдария өзенінен заңсыз су алып келген 9 тіркелмеген сорғы қондырғысы анықталды. Бұл туралы Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, заңсыз орнатылған қондырғылар арнайы рұқсатсыз жұмыс істеп келген. Тексеру нәтижесінде 9 әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушыларға жалпы сомасы 1,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

— Жыл басынан бері инспекция мамандары су ресурстарын рұқсатсыз пайдаланған 62 адамды анықтады. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 12,7 миллион теңгеден асты, — делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, су заңнамасын сақтау және жаңадан күшіне енген Су кодексін түсіндіру мақсатында инспекция өкілдері 73 елді мекенде ақпараттық кездесулер өткізген.

Су ресурстарын тиімсіз пайдаланудың тағы бір фактісі Тобыл-Торғай бассейнінде тіркелді. Онда су есептегіш құрылғысының істен шығуы мен құбырдағы ақау салдарынан су заңсыз пайдаланылған. Нәтижесінде су тұтынушыға айыппұл салынып, олқылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

— Қазіргі таңда барлық бассейндік инспекциялар су заңнамасына байланысты жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Су пайдаланушылармен жаңа кодекс, суармалы су ережелері, арнайы рұқсат рәсімдеу және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр, — деді ҚР Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темірлан Әбдіқұлов.

Дереккөз: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу