KZ
Өскемен
-32°
плотный туман жел 1 м/с, В
510.43 594.86 6.49

eGov Business: кәсіпкерлерге арналған жаңа цифрлық көмекші

profit.kz

26.08.2025, 13:00 250 Төлеуғазы Жансая

Президенттің тапсырмасына сәйкес, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматы енгізілуде. Бұрынғыдай тексеру мен қадағалау емес, енді кәсіпкерлерді қолдау мен серіктестікке негізделген тетіктер басымдыққа ие бола бастады. Бұл өзгеріс шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуына тың серпін беруді, олардың әкімшілік кедергілерін азайтуды көздейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осы мақсатта арнайы жасалған заманауи цифрлық көмекші – eGov Business мобильді қосымшасы іске қосылды. Ол алғаш рет пайдалануға берілгеннен кейін кәсіпкерлер арасында кең қолданыс тауып, 2025 жылдың 1 сәуірінде жаңа мүмкіндіктермен жаңартылды.

Қосымша ең алдымен ШОБ өкілдеріне арналған мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы әрі жедел алуға мүмкіндік береді. Енді кәсіпкерлерге мемлекеттік органдарға немесе түрлі инстанцияларға барудың қажеті жоқ, барлық негізгі процестерді смартфон арқылы қашықтан шешуге болады.

Жаңартылған eGov Business келесі қызметтерді қамтиды:

  • кәсіпорындарды онлайн тіркеу;
  • салық күнтізбесін бақылау және төлемдер туралы ескертулер алу;
  • электронды сертификаттар мен рұқсат құжаттарын рәсімдеу;
  • ресми құжаттарға цифрлық қол қою;
  • мемлекеттік қолдау шаралары мен жеңілдіктер жайлы ақпарат алу.

Бұл жаңашылдық кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп қана қоймай, артық қағазбастылық пен бюрократиялық кедергілерді жояды. Сонымен қатар, бизнеске қажетті барлық деректер мен сервистерді бір орталықтан қолжетімді ететін бірыңғай цифрлық платформа қалыптасуда.

Мамандардың айтуынша, қосымша болашақта жас кәсіпкерлерге де үлкен көмек болады. Мәселен, кәсіп ашуды енді тек бірнеше минут ішінде рәсімдеуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ қосымшада бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар, гранттар мен субсидиялар туралы да толық ақпарат ұсынылады.

Осылайша, eGov Business – Қазақстандағы цифрлық трансформацияның бизнеске бағытталған нақты қадамдарының бірі. Ол елдегі кәсіпкерлік ахуалды жақсартып, шағын және орта бизнестің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу