KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Бүгін - Семей ядролық полигоны жабылған күн

Фото: std3.ru

29.08.2025, 08:30 242 Төлеуғазы Жансая

29 тамыз – қазақ халқы үшін тағдырлы күн. 1991 жылы дәл осы күні Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

40 жыл бойы ядролық сынақ алаңына айналған Семей өңірінде 450-ден астам жарылыс жасалып, мыңдаған адам зардап шекті. Полигонды жабу – халықтың аманатын орындау әрі әлемге бейбітшіліктің үлгісін көрсету болды.

Қазақстан ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан алғашқы мемлекеттердің бірі атанды. Бұл шешім халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болып, еліміздің жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы беделін арттырды.

2009 жылы Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп бекітті. Бұл күн ядролық сынақтардың зардаптарын ұмытпауға, бейбітшілікті қорғауға және қарусыздандыруға шақырады.
Семей полигонының жабылуы – Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің тарихындағы ең үлкен антиядролық жеңістердің бірі болып саналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу