KZ
Өскемен
-20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Қазақ боксшылары әлем чемпионатында топ жарды

Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

15.09.2025, 14:30 205 Төлеуғазы Жансая

Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионаты Қазақстан құрамасының триумфымен аяқталды. Отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жалпы, Қазақстандық боксшылар он жүлде иеленді: жеті алтын, бір күміс және екі қола. Бұл көрсеткішпен олар Өзбекстан мен Үндістанды артта қалдырды.

Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Алтыннан алқа таққандар:

  • Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін)
  • Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін)
  • Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін)
  • Аида Әбікеева (65 келіге дейін)
  • Наталья Богданова (70 келіге дейін)
  • Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін)
  • Айбек Оралбай

Күміс медальді Назым Қызайбай (48 келіге дейін) иеленді. Виктория Графеева (60 келіге дейін) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдегер атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу