KZ
Өскемен
-19°
туман жел 2 м/с, СБ
506.7 593.14 6.53

Қазақстандық оқушылар алғаш рет дрон-футболдан әлем чемпионатына қатысады

20.09.2025, 16:00 227 Төлеуғазы Жансая

Астана қаласының мектеп командалары Қазақстан атынан алғаш рет FIDA Drone Soccer World Cup 2025 әлем чемпионатына жолдама алды. Жарыс қыркүйектің 25–28 күндері дрон-спорт астанасы саналатын Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Чемпионат Jeonju International Drone Sports Center және Jeonju World Cup Stadium ареналарында өтеді. Мұнда атмосфера классикалық спорттан гөрі киберспорт пен K-pop шоуларына ұқсайды: жарық шоуы, әуен және тор ішінде қалықтап ұшқан футбол дрондары ерекше әсер қалдырады.

Қазақстан құрамасы үш командадан тұрады:

  • №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі
  • №8 мектеп-лицейі
  • Skillset жеке мектебі

Дрон-футбол — бес адамнан құралған екі команданың ойыны. Дрондар соқтығыса отырып, әуедегі сақина-қақпаға гол соғуға тырысады. Қауіпсіздік мақсатында барлық ойындар тор ішінде, төрешілердің бақылауымен өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – Қазақстан үшін тарихи дебют. Бұған дейін дрон-футбол Кореяда мектептік бастама ретінде пайда болып, бүгінде 1000-нан астам оқу орнында дамып үлгерді. FIDA Федерациясы 35-тен астам елді біріктіреді.

Дереккөз: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Фото: dronesoccer.ru

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу