KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Даниал Ахметов Маралдыдағы фабрикаға қатысты пікір білдірді

Фото: Шығыс ақпарат

12.04.2023, 12:31 606 Оразай Жеңісұлы

Күршім ауданындағы Маралды ауылының тұрғындары ауыл маңында алтын өндіру және алтын өндіру фабрикасын салу мәселесіне қатысты бірнеше ай бойы дабыл қағып жүр.

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметовке есеп беру кездесуі барысында тілшілер тарапынан Маралды ауылының осы өзекті мәселесіне байланысты сауал қойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетсек, маралдылықтар соңғы өтініштерінде табиғатты сақтап қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның, Ресейдің флорасы мен фаунасына әсер ететін Ертіс суларына қауіпті заттардың түсуі салдарынан туындауы мүмкін проблемалар туралы да ескертеді. Мәселе қазір Мемлекет басшысының бақылауына алынғаны белгілі. Алайда алтын өндірушілер халықтың наразылығына қарамастан қазуды тоқтатқан жоқ. Өткен жылдың күз мезгілінде ауылға Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов келіп, тұрғындармен кездескен болатын.

Облыс әкімі мұнда салынатын алтын өндіру фабрикасына қатысты мәселе заң аясында шешілетінін айтып отыр.

– Мәселе заң аясында шешімін табады. Заңға томпақ келетін бірде-бір іске жол берілмейді. Ал экологиялық сараптама міндетті түрде жасалады. Бұл үшін Гумилев университетінің мамандарын жалдадық, – деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының айтуынша, экосараптама цианиттің адам денсаулығына және жерге қаншалықты зиян екенін көрсетеді. Содан кейін ғана жауапты орган фабрика құрылысына қатысты шешім шығарады.

Айта кетсек, біз бұған дейін Маралды тұрғындарының фабрика құрылысына қатысты пікірі екіге бөлініп кеткені туралы жазған едік. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу