KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Орман өртінің көбі демалыс кезінде ережені сақтамаудан болады – ШҚО

Фото: gov.kz

18.05.2023, 10:56 363

Жаз айларында Зайсан ауданының аумағында өрт жағдайы, әсіресе дала өрті мәселесі күрт күрделене түседі. Дала өрті ауыл шаруашылығы мен қоршаған табиғатқа зиян келтіріп, шығынға ұшыратады. Зайсан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі орман, дала және егін алқаптарындағы өрттің алдын алып, қауіпсіздік шараларын түсіндіруге ерекше назар аударған.

Зайсан орман шаруашылығының мобильді тобы аудандық ТЖБ қызметкерлерімен қатар орман алқаптарында рейд жұмыстарын жүргізді. Шара барысында мамандар 15 адамды қамтыған 4 түсіндіру шарасын өткізіп, жадынама таратты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандар дала өртіне адами фактордың әсері барын да атап өтті. Дерекке сәйкес, өрт тұтануының себептерінің арасында елді мекендерде отты дұрыс қолданбау, даладағы шөптесін өсімдіктерді қасақана өртеу немесе темекі тұқылын толық сөндірмей тастау сынды жағдайлар кездеседі.

Орман өртінің көпшілігі демалыс кезінде және жұмыс барысында өртке қарсы ережелерді бұзу себебінен тұтанады. Осы себепті орман өртіне кінәлілерді табу қиындай түседі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив