KZ
Өскемен
-21°
туман Штиль
506.7 593.14 6.53

ШҚО тұрғыны бес мылтықты заңсыз сақтаған

18.05.2023, 11:30 457 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысындағы Серебрянск қаласының тұрғыны үйінде заңсыз түрде қару-жарақ сақтаған.

Тәртіп сақшылары тұрғыннан бес тегіс ұңғылы мылтық, ұсақ калибрлі мылтықтың оқпанын, аңшылыққа арналған үш пышақ және елуден астам патрон тәркіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық полиция департаменті қару-жарақтың қайдан алынғанын анықтау үшін баллистикалық сараптама жасайды.

Естеріңізге саламыз, өңірде «Қару тапсыр» акциясы жүріп жатыр. Қару-жарақты өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады әрі сапасына қарай әр қаруға 10-нан 100 АЕК мөлшерінде төлемақы ала алады.

Қаруды тапсыру үшін кез келген полиция бөліміне баруға немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу