KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Орман аумағында не істеуге болмайды? – ШҚО

Фото: Шартты сурет

30.05.2023, 10:42 538

От жаққанда ережелерді орындамау, темекі тұқылы мен сіріңке, қасақана немесе абайсыз өрт тұтату – орман өртінің негізгі себептері.

ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман аумағында бірқатар шектеу енгізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Орман өртінің алдын алу мақсатында қар еріген кезден бастап жаңбыр тұрақты жауатын күзгі мезгілге дейін немесе орман қоры аумағында қар жауғанға дейін бірқатар тыйым енгізілді.

Қылқан жапырақты көшеттердің, жел, дауыл құлатқан ағаштардың, кесілген ағаштар қалдығының, дайындалған отынның, қураған шөптің маңайында от жағуға болмайды.

Отты тек арнайы жабдықталған алаңда жағуға болады және оны сумен сөндірерде мұқият болған жөн.

Бықсып түтін шығу басылғанға дейін су құйып, күрекпен сөндіру қажет. Сөнген көмір мен күлді ұстап көріп, суықтығына көз жеткізу керек. Орманда алауды кез келген жағдайда, оның ішінде ылғалды күн райы және жаңбыр жауғанда да сөндіру керек.

Жанып тұрған шырпыны және темекі, мүштіктерден шоқты тастауға тыйым салынған. Жанар-жағармай заттары сіңген материалдарды арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға болмайды.

                       

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив