KZ
Өскемен
+26°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
515.03 584.82 6.24

ШҚО тұрғынынан 6 келіден астам қарасора тәркіленді

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

20.06.2023, 14:33 368

ШҚО полицейлері облыс тұрғынынан 6 келіден астам қарасора тәркілеген.

ШҚО полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында дерек туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. "Қарасора-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері қарасораны арнайы өсірген 40 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын ұстады.

Үйді тінту кезінде полицейлер құрамында есірткі заты бар 9 өсімдік бұтасы мен 173 г кептірілген марихуананы тәркілеген. Алынған есірткінің жалпы салмағы – 6 кг 630 грамм.

  "Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – деп жазылған хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу