ШҚО білім басқармасы өзге өңірлермен тәжірибе алмасты
Фото: gov.kz
12 шілдеде ШҚО білім басқармасы тәжірибе алмасу мақсатында республикалық семинар ұйымдастырды.
Семинарға Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қызылорда өңірлерінің білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шара инклюзивті білім беруді дамыту, «Ақниет» мектеп-интернатының жұмыс тәжірибесі, «Қонақжай отбасы» жобасын іске асыру, «Балалар университеті» жобасы сынды 4 бағыт бойынша өтті.
Шара барысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында IT-жобаларды іске асыру, оқушылардың StartUp-жобаларына ғылыми жетекшілік ету сынды тақырыптар талқыланды. Сонымен қатар «Қонақжай отбасы» жобасының бірінші кезеңінің нәтижелері айтылды.