KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

ШҚО полицейлері бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

18.07.2023, 12:11 161

ШҚО полицейлері бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты.

Іс-шараны "Аманат" партиясы жанындағы "Жастар рухы" ЖҚ ШҚОФ ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен қаласындағы Арбатта өткен жәрмеңкеге полиция қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның негізгі міндеті – ішкі істер органдарының бөлімшелеріне қызметке қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жәрмеңкеге қатысушылар тәртіп сақшыларына қойылатын талап туралы, заңдарды білу деңгейін анықтайтын тестілеуден өту ретін, денешынықтыру дайындығын тапсыру кезіндегі нормативтер туралы сұрады. Одан өзге, студенттер полиция қызметкеріне тән кәсіби машықтар мен жеке қасиеттер туралы мәлімет алды.

– Бос орындар жәрмеңкесі – жастар үшін тікелей сұрақ қоюға және полиция қатарына қосылу мүмкіндігі туралы пайдалы ақпарат алуға тамаша мүмкіндік. Өз қызметтік міндеттерін табысты орындау үшін сауатты мамандар қажет. Өйткені полициядағы жұмыс жедел шешім қабылдаумен, азаматтармен қарым-қатынас орнатумен, олардың мәселелерін шешумен тікелей байланысты, – деп атап өтті ШҚО ПД кадр саясатының бастығы Ерхат Шалқыбаев.

Сонымен қатар қатысушыларға пайдалы ақпарат жазылған жадынамалар таратылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив