KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Теміржол бойындағы өрт пойыз қолдану арқылы сөндірілді – ШҚО

Фото: gov.kz

19.07.2023, 11:17 203

17 шілдеде сағат 16.43-те Риддер қаласынан 15 км қашықтықтағы "Өскемен-Риддер" теміржолының бойында құрғақ шөптер, бұталар мен ағаштар жанды. Жанған аумақтың ұзындығы – 10 км.

Өрттің орманға және тұрғын үйлерге таралу қаупі туындаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өрт сөндіруге ШҚО ТЖД мен орман шаруашылығының 46 қызметкері, "ҚТЖ" ҰК" АҚ өрт пойызы, ШҚО әуе бөлімшесінің тікұшағы, барлығы 12 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар өрт сөндіруге Риддер қаласының азаматтық қорғау құрылымдарының 9 қызметкері және 3  техника  тартылды.

Өзеннің арғы жағынан өрт ошағына жету мүмкін болмағандықтан және бұталардың әсерінен өрт сөндіру қиындай түсті. Осы себепті "ҚТЖ" ҰК " АҚ өрт сөндіру пойызы пайдаланылды. Сонымен қатар көлік батып қалғандықтан жеке құрам өрт шыққан жерге жаяу жетуге мәжбүр болған көрінеді. ШҚО ТЖД дерегі бойынша, сағат 22.21-де өрт толық сөндірілді. Теміржол көлігі қатынасы бұзылған жоқ. Болжам бойынша, өрт от жағу кезіндегі абайсыз әрекет пен қауіптілігі жоғары агрегатты пайдалану ережесін дұрыс орындамаудан шыққан.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу