KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Асубұлақтағы өрт сөндірілді – ШҚО

8.07.2023, 09:30 267 Оразай Жеңісұлы

Ұлан ауданындағы Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында тұтанған өрт 7 шілдеде кешкі сағат бес шамасында сөндірілді.

Жалын 20 гектарға жуық аумақты шарпыды,

Төтенше қызмет өкілдері таулы, жартасты жерде өршіген өртті сөндіру оңайға соқпағанын айтты.

«Орманшылардың, өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың және авиабөлімшелердің бірлескен күшімен өрт толық сөндірілді. Өртті сөндіруге барлығы 250-ден астам адам, 26 бірлік техника, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның, Қорғаныс министрлігінің, ШҚО әуе бөлімшесінің, Қазәуеорманкүзетінің 5 тікұшағы жұмылдырылды. Барлығы 125 рет су төгілді», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив