KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

Бұқтырма көпірінің құрылысы ұзаққа созылуы мүмкін бе?

Фото Оразай Жеңісұлынікі

20.07.2023, 19:15 153

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірді салып жатқан «Облшығысжол» ЖШС директорының орынбасары Нигматулла Абдулхаков мәлімдеме жасады.

Нигматулла Абдулхаков көпір құрылысы ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Облшығысжол» ЖШС көпір құрылысына қатысты жарияланған тендерді 2016 жылы ұтып алған.

2021 жылы жобаға енгізілген соңғы түзетулерден кейін олар көпір салуды бастап кетті.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екінші кезеңге жеткен.

– Жалпы құны 62 млрд теңгені құрайтын жобаға екі жарым жылдың ішінде 20 млрд теңге ғана бөлінді. Ал дәл қазіргі сәтте қаржыландыру мүлде тоқтап қалған. Осылайша, біз құрылысты өз қаржымызға жүргізуге мәжбүрміз, – дейді Нигматулла Абдулхаков.

Өз сөзінде ол Күршім мен Самар аудандарының халқы үшін аса маңызды көпірдің құрылысын тоқтатпайтынын жеткізді.

– Керекті материалдарды жеткізіп жатырмыз. Жұмыс жалғасуда. Бірақ қаражат жетіспегендіктен жұмысшыларға жалақы кешігіп жатыр. Көпірге қажетті негізгі аралық құрылымдар Ресейдің «Курганстальмост» зауытында жасалады. Бұл металды алу оңай емес. Алдын ала ақша төлемесе болмайды. Өзім 1984 жылдан бері көпір құрылысымен айналысып келе жатқандықтан 40 жыл бойы жұрттан Бұқтырмаға көпір қажет екендігін естіп келемін. Көптен күткен көпір құрылысы басталды. Бірақ егер бір-екі айда ақша бөлінбесе, құрылыс жұмыстары ұзаққа созылып кетуі мүмкін, – дейді «Облшығысжол» ЖШС директорының орынбасары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив