KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Ауыл әйелдері ауыл шаруашылығын дамытуда маңызды рөл атқарады

Фото: Altaynews.kz

28.07.2023, 21:53 263

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені негізінен ауыл әйелдерінің арқасында дамып келеді. Бұл туралы Өскеменде өткен ауыл әйелдерінің өңіраралық форумында ШҚО әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев айтты.
Оның айтуынша, статистикалық мәліметтер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың 30 пайызға жуығын әйелдер басқаратынын көрсеткен, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

 Ауыл әйелі елдің бүкіл ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуында маңызды рөл атқарады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бізде 10 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші бар. Ал олардың шамамен 27 пайызын әйелдер басқарады. Бізде әйел сенаторлар, әкімдер, мәслихат депутаттары бар. Әйелдер алдыңғы қатарда болуы керек деп есептеймін, – деді Ербол Нұрғалиев.
Еске сала кетсек, Өскеменде өткен ауыл әйелдерінің өңіраралық форумына ШҚО, Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарының ең белсенді әйелдері жиналды. Олар ауылдың дамуына бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайын. Форумға Сенат пен облыс әкімдіктерінің өкілдері, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив