Өскеменде ауыл әйелдерінің аймақаралық форумы басталды
Фото: Altaynews.kz
Өскемен қаласында ауыл әйелдерінің ауқымды өңіраралық форумы басталды.
Шараға ауылды дамытатын тың идеясы бар әйелдер қатысып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Әйел бар жерде жан бар. Біз сіздерге шын жүрекпен тамсанамыз. Бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз. Форум шығармашылыққа толы әрі нәтижелі болатынына сенімдімін, – деді ШҚО әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев.
Форумға ШҚО, Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарының атынан келген ауыл әйелдері қатысып жатыр.
Форумды «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту» коалициясы мен «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры және өзге ұйымдар ұйымдастырған.