KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Ақшасынан айырылған Өскемен тұрғыны полицияға жүгінді

Фото: egemen.kz

25.07.2023, 12:51 340

11 шілдеде Өскемен қаласының ПБ Ертіс полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны шағым түсірген.

Тұрғын 2022 жылы науқас жұбайына медициналық көмек көрсету үшін деген сылтаумен 30 000 теңге сұрап алған күдіктіні жауапқа тартуды өтінген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында тәртіп сақшылары 1972 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстаған.

Бұдан әрі ЖІШ жүргізу барысында күдікті үшін бұл жағдай бірінші рет емес екені белгілі болды. Ол тағы 3 тұрғынды «әйелінің ауруы» туралы сылтауына сендірген. Ал тағы екі жәбірленуші бензин талондарын сатып алу үшін ақша берген, алайда талондарды ала алмаған. Әр жәбірленушіден алынған қаржы сомасы 10 000 теңгеден 30 000 теңгеге дейін өзгерген. Ал жалпы шығын 150 000 теңгеден асқаны белгілі болды.

ШҚО ПД дерегінше, күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полиция департаменті барлық азаматтарды қырағы және мұқият болуға, бірқатар қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға шақырады. Қандай жағдай болса да, өзіңіздің жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға (аты-жөні, ЖСН, карта нөмірі, жеке куәлік нөмірі және т. б.) жария етпеңіз.

Заңсыз әрекет болған жағдайда «102» арнасына хабарлау қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив