ШҚО-да сотталғандар пластикалық есік-терезе жасап шығаруда
Семейде сотталған адамдар кәсіппен айналысып, өздерін өзі жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы республиканың әрбір азаматына арналған. Осы бағдарлама аясында 156/14 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар өздерін өзі кәсіппен қамтып отыр.
Мекемеде пластик терезелер мен есіктерді жасайтын цех пен жуғыш заттар шығаратын цех жұмыс істеп тұр. Одан шыққан өнім әзірге мекеме ішінде ғана қолданылып келеді. Болашақта басқа мекемелерге шығару жоспарланған.
– Бұл жерде сотталған адамдар кәсіппен айналысып, түрлі-түрлі тұрмысқа қажетті заттарды жасап үйреніп жатыр. Болашақта осы үйренген істерін жалғастыруды қаласа, жұмыспен қамту орталығына хабарласуларына болады. Мемлекеттік бағдарлама аясында оларға кәсіп бастауға қолдау көрсетеміз, – деді жұмыспен қамту орталығының маманы Думан Қорғанбаев.