ТЖД қызметкерлері Жамбыл облысында қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алды – ШҚО
Фото: gov.kz
2021 жылы тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болған еді. ШҚО ТЖД қызметкерлері қаза тапқан өрт сөндірушілер мен өзге азаматтарды еске алды.
ШҚО ТЖД-да қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің мемориалына гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл күні ТЖД қызметкерлері қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
– Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әдетте ол тәуекелмен қатар жүреді. Өкінішке қарай, біздің әріптестеріміз қызметтік міндетті орындау кезінде басын тәуекелге тігеді. Жамбыл облысында қаза тапқан өрт сөндіруші батырлар өз өңірінің қауіпсіздігі үшін батылдық танытты. Олар әрқайсымыздың жадымызда мәңгі қалады, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Арман Тоқанов.
Оқи отырыңыз