Прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде Өскеменде қаза тапқан тұлғалардың аты-жөнін жариялады
Кеше ҚР Бас прокуратурасы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандар тізімін жариялады. Тізімде барлығы 238 адамның аты-жөні көрсетілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО прокуратурасы осы тізімдегі 5 қаңтар күні облыс әкімдігінің алдында қаза тапқан 3 адамның аты-жөнін нақтылап өтті. Олар: Есенжол Ж., Қабылқанов К. М., Елдашев А. М.
- Олар облыс әкімдігі алдындағы алаңда қаза тапқан болатын. Бүгінгі таңда кісі өлтіру фактісі бойынша іс тергеуде, - деп атап өтті ШҚО прокуратурасы.