KZ
Өскемен
-3°
снег жел 7 м/с, З
512.81 604.19 6.57

ШҚО ПД-да оқушыларға оқу құрал-жабдықтары табысталды

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

29.08.2023, 19:51 376

25 тамызда ШҚО ПД-да саптық бөлімшелердің гарнизондық жиыны өтті. Бұл жолы шараға полиция қызметкерлерінің балалары шақырылды.

Бірінші сыныпқа қадам басатын 200-ден астам балаға оқу құралдары жинақталған сөмке табысталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ПД басшылығы алдымен тәртіп сақшыларының дайындығын тексерді. Полиция қызметкерлері облыстағы ахуал туралы хабардар болып, бағдарламамен танысты.

– Бүгін өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтауға кіріскен полицейлер үлгілі қызмет атқарудың өнегесін көрсетуі тиіс, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

ШҚО ПД дерегінше, осындай іс-шаралар жаңа оқу жылы қарсаңында аймақтағы аудандық полиция бөлімшелерінде өтеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу