KZ
Өскемен
+1°
снег жел 1 м/с, СШ
487.24 529.34 5.02

ШҚО ПД бастығы оқушылар үшін құқық туралы сабақ өткізді

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

4.09.2023, 16:56 196

ШҚО-да Білім күні қарсаңында ерекше форматта құқықтық сауаттылық сабағы өтті.

Өскемен қаласындағы мектептердің оқушылары құқық туралы сабаққа бейнебайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков және ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Арман Үмітов баяндама оқыды.

Тәртіп сақшылары жасөспірімдерге буллинг, есірткі қылмысы, интернет алаяқтық және жол қауіпсіздігі сияқты өзекті мәселелер туралы айтты.

Полицейлер Өскемендегі 48 мектептің 9-11 сынып оқушыларына қылмыс туралы статистиканы көрсетіп, нақты мысал келтірді.

Алдағы уақытта өңірдегі барлық мектепте тұрақты түрде қауіпсіздік ережелері туралы сабақ өткізіледі.  

                      

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив