Еліміздің тағдыры - жастардың қолында
Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде реформаның барлығы жастардың игілігі үшін жасалынып жатқанын айтты. Мемлекет басшысының сөздерінен жастарға деген шынайы қамқорлық пен сенімді байқауға болады. Шынында да, қазіргі буын бұрынғыдан әлдеқайда білімді, технологиялар мен ақпарат ағынына бейім. Бұл үлкен мүмкіндіктермен қатар зор жауапкершілік жүктейді.
Жастардың дүниетанымы мен құндылықтары дұрыс қалыптасуы үшін қоғамның әр мүшесі үлес қосуы керек. Жастардың саналы, еңбекқор, білімге құштар болуын қамтамасыз ету – ортақ міндет.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан жас мамандарға қолдау көрсету – олардың әлеуетін жүзеге асыру үшін биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
Президенттің жастарға артқан сенімі бізді шабыттандырып, жігерлендіреді. Енді бұл сенімді ақтау – өңір жастарының міндеті.
Айдос Әділбеков