Жас ұрпақты жасампаздық рухында тәрбиелеуге басымдық беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзнің жылды қортындылау сұхбатында бірнеше маңызды бағыттарды айрықша айтып өтті. Соның бірі «Жастар және білім». Қасым-Жомарт Кемелұлы – «Жоғары ұтқырлық және кәсіби өсуге деген айқын ұмтылыс, әрине, қазіргі жастардың маңызды және сұранысқа ие қасиеттері болып табылады, олар өздерінің қабілеттері мен таланттары ең көп сұранысқа ие жерде өнімді жұмыс істеуге дайын болуы керек» - деп болашағымыздың жастарымыздың өсіп, өніп дамуына ерекше маңыздылық танытатындығы қуантады.
Жастар Қазақстанның болашағында шешуші рөл атқарады, сондықтан мемлекет жас ұрпақты шынайы патриотизм, жоғары мәдениет пен жасампаздық рухында тәрбиелеуге басымдық береді. Барлық жүргізіліп жатқан реформалар жас ұрпақтың әл-ауқаты, өзін-өзі жүзеге асыруы және өркендеуі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, бұл мемлекеттік стратегияның мәні мен өзегін құрайды.
Малика Бекбаева, С.Аманжолов атындағы ШҚУ қызметкері