KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
525.11 546.74 4.88

Бұл - елдегі демократияның белгісі

3.01.2025, 13:00 227 Гульжан Мусина

Жылдың басы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының “Ана тілі” газетіне сұхбатымен басталды. Былтырғы жылғыдай өткен жылға есеп беру және келер жылға жоспармен бөлісу, бұл президент пен халық арасындағы орасан үлкен байланысты білдіреді деп ойлаймын. Бұл- елдегі демократияның, халықпен санасудың белгісі.

- Мемлекет басшысы айтқандай, геосаяси мәселе әлемде ушығып отыр. Осындай кезеңде ел экономикасын бірқалыпта ұстау және дамыту ол үлкен жұмыс деп білемін. 

- Табиғи апат болғанын тілге тиек етті. Еш адам шығынынсыз онымен күресу жақсы нәтиже, адамдарғада дер кезінде көмек берілді. Су тасқыны дамығын елдерде де болды, оларда қаншама адам шығыны болды, көмек кеш көрсетілді.

Салыстырмалы түрде бізде жағдай жақсы болды деп білемін. Критиктер әрқашан бола береді, Жеке өзім тасқын кезінде бірге болған Мемлекет басшысын қолдаймын.

- “Президент – «Құдайдың жердегі көлеңкесі» емес, мемлекетті басқару үшін белгілі бір мерзімге сайланған менеджер ғана.” Президентіміздің осы тұжырымын дұрыс деп білемін.

- Меніңше ең басты назар аударытын мәселелердің бірі қазақ тілінің дамуы жайлы. Қазақ тілінің бәсекеге қабілеті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артуы мен мемлекеттік тіл азаматтардың қызмет бабында өсуіне және табысқа жетуіне жол ашатын маңызды фактор екені бізді қуантады. 

- Әрине, жас болғаннан кейін президентіміздің жастар жайлы ойлы бізге өте маңызды. Бүгінгі сұхбатында да айтты, осыған дейін де айтты. Президентіміздің жастарға сенімі бізге үлкен мотивация. Жастар ол мемлекет болашағы.

Президентіміздің ақыл-кеңесінде жас азаматтардың дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуын айтты, және жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек екенімізді тіледі. 

Бүгінгі сұхбатты әр жас, әр мемлекет азаматы оқуы керек. Қазақстанның дамуы тек президентіміз мен халық біріккенде ғана болады.

Фото: пікір білдірушіден

Сарсенбаев Жігер Төлегенұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу