KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 0,5 м/с, В
526.11 542.31 4.76

Еліміз барлық түркі дүниесін біріктіруді көздейтін жасампаз бастамаларды қолдайды

3.01.2025, 14:15 415 Гульжан Мусина

"Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту" атты Қасым-Жомарт Кемелұлының 3 қаңтар күні "Ана тілі" газетіне берген сұхбатын оқып шықтым.

Мені ерекше толғандырған жері әрі тарихшы, әрі беретін пәнім "Түркі халықтарының тарихы" болғандықтан түркі халықтарының ұйымына арналған бөлігі.

Еліміздің осы ұйымға төрағалық еткен уақытында түбі бір түркі халықтарының арасында үлкен саяси, ғылыми, мәдениаралық, сауда-экономикалық байланысты орнатылып, өзара ынтымақтастық арқасында 80-нен астам көпсалалы бағыттарда халықаралық шаралар жүзеге асырылды. Әсіресе тарихы тереңнен бастау алатын  Түркістан қаласының 2021 жылы түркі халықтарының рухани отаны атануы түркі халықтарының тарихының, мәдениеті мен дүниетанымының ортақ екендігінің айғағы болды десек артық айтқандық емес! Еліміз барлық түркі дүниесін біріктіруді көздейтін жасампаз бастамаларды  қолдайды.Әрбір тегі түркі халықтар тарихы бір екенін қаншалықты мойындаса, болашағы да ортақ екенін соншалықты түсінуі қажет, деп білемін  Аға бауыр болып сыйласқан түрік халықтарының достығы нығая түсетіне сенімдімін!

Жанетта Амангелдіқызы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ қызметкері

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу