Кәсіптік білім беру экономиканың дамуына ықпал етеді
Достар, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Ana tili» газетінде сұхбаты жарық көрді. Диалог барысында жылдың негізгі қорытындылары баяндалып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.
Президент өткен жылдың басында берген сұхбатында 2024 жыл Қазақстан үшін көптеген бағыттардың айқындалатын жылы болады деп айтқан еді. Шынымен де солай болды.
Өткен жылы бәріміз «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы төлемді алдық, зейнетақы мен жәрдемақылар да айтарлықтай өсті.
Шәкіртақыларға келетін болсақ, колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға, бакалавриат студенттерінікі 20%-ға өсіп, 47 135 теңгені құрады. Ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитын студенттердің стипендиясы 75 600 теңгеге дейін өсті. Магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға артып, тиісінше 107 061 теңге және 240 000 теңгені құрады.
Биыл жетекші шетелдік университеттердің оннан астам филиалы ашылды. Ғылымды қаржыландыру артты, ал жас ғалымдар жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа пәтерлер иеленіп, айтарлықтай қолдау көрді. Мұның бәрі – азаматтардың шығармашылық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды инвестициялар.
Жұмысшы мамандықтарына ерекше назар аударылды. Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын.
Кәсіптік білім беру реформасы экономиканың өсуін және оның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету тұрғысынан өте маңызды болуда.
Айта кету керек, соңғы үш жылда С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да 45-тен астам жаңа білім беру бағдарламасы және Жоғары колледжде жұмысшы мамандықтары бойынша бірқатар техникалық бағдарламалар ашылды. Осылайша, университет ел экономикасын тұрақты дамыту үшін салалық мамандармен қамтамасыз етуді қолға алып, мемлекеттің өзекті міндеттерінің бірін шешуге өз үлесін қосып, Президенттің жаһандық стратегиясын қолдауда.
Болашақта жаңа білім беру бағдарламаларының түлектері жоғары білікті мамандар қатарына қосылып, ел игілігі үшін қызмет ететін болады.
Достар, бүгінгі таңда жастар Қазақстан болашағының негізгі, анықтаушы рөліне ие. Сондықтан мемлекет жас ұрпақты шынайы патриотизм, жоғары мәдениет және жасампаздық рухында тәрбиелеуге басымдық береді.
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасының іске қосылуы қазақстандық қоғамның жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам.
Қоғамның ең белсенді бөлігі ретінде жастар осы бағдарламаның локомотиві болып, экологиялық саналы және болашаққа жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетуде.
Біздің студенттер бұл бағдарламаны қолдауда ерекше көзге түсті: олар «Панкратьев бағы» аумағын қалпына келтіріп, көркейту жұмыстарын жүргізді, облыс орталығының аумағында мыңдаған ағаш отырғызуға қатысып, бүкіл өңір бойынша 60-тан астам сенбілік өткізді және волонтер ретінде белсенділік танытты. Шынымен де, бұл бағдарлама экологиялық жауапкершілік, белсенді патриотизм және елдің болашағына қамқорлық құндылықтары төңірегінде қоғамды біріктіретін жаңа ұлттық идеологияның ажырамас бөлігі болуға арналған.
Фото: пікір білдірушіден
Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры