KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, З
487.24 529.34 5.02

«Астана Балет» театрының Өскемендегі гастрольдік сапары аяқталды

Фото: Шығыс ақпарат
Фото: Шығыс ақпарат
9.09.2023, 21:00 280

Демалыс күндері ШҚО тұрғындары “Астана Балет” театрының әртістері мен музыканттарының өнерін тамашалады. Алғашқы күні “Ертіс Концерт” мекемесінің залында камералық музыкаға арналған «Barocco» атты кеш өтті.

Бүгін көрермендерге «Music Tour» симфониялық оркестрі дайындаған концерт ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталған концертке Элмар Бөрібаев дирижерлік еткен. Элмар Бөрібаев – Румынияда өткен опералық-симфониялық дирижерлерінің халықаралық байқауының диплом иегері. Ол Болгарияда, Румынияда, Италияда оркестр дирижері болған.

Көрермендер “Астана Балет” симфониялық оркестрі мен жас дирижердің шығармашылық серіктестігіне оң баға берді.

– Біз театрдан қайталанбас әсер алдық. Осындай жаңа және күтпеген дүние болады деп ойламаған едім, – деді Өскемен тұрғыны Сара Әкемиева.

Көрермендер арасында екі күнде де келіп, өнерпаздардың өнерін тамашалағандар бар.

– Кеше камералық музыка концертіне, бүгін симфониялық оркестрдің концертіне келдім. Бәрі керемет болды! Маған солистер, виолончелистер, скрипкашылар, бір сөзбен айтсақ, бәрі ұнады. “Астана Балет” біздің қалаға тағы келіп, жиі қонақ болады деп үміттенемін, – деді Думан Махамбетова.

Оркестр дирижері Өскеменге алғаш келіп тұрғанын, осы сапардан тек жақсы естелік қалғанын айтып, көрермендерге алғысын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив