ШҚО-да 2021-2023 жылдарға арналған Волонтерлікті дамыту жол картасы аясында бірқатар жоба табысты іске асырылды. Қазіргі өңірдің волонтерлер базасында 2400 адам тіркелген.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк пен волонтерлердің өңірлік фронт-офисінің басшысы Данияр Жүнісов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Ұлттық волонтерлер желісі еліміздегі еріктілер қызметін дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Сонымен қатар, 2024-2027 жылдарға бағытталған волонтерлікті дамыту мақсатындағы жақсы идеялар мен ұсыныстар пысықталды. Онда еріктілердің әр аймақта қалай жұмыс істеуі керектігі және оларға қандай жағдай жасалуы тиіс екендігі талқыланды, - дейді Ұлттық волонтерлер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк.
Айта кету керек ШҚО волонтерлер фронт-офисі 2020 жылдың 1 облыстық деңгейде, 2 қалалық және 9 аудандық деңгейде құрылған. Қазіргі уақытта 41 колледж, 3 ЖОО, 6 ірі ұйым және 30 жастар ұйымымен тығыз ынтымақтастық орнатты.
- Облыс аумағындағы еріктілердің атқарып жатқан жұмысы ауқымды. Салалық волонтерлікті дамыту барысында 7 жалпыұлттық жобаға сәйкес қызмет етіп жатқан еріктілер 8 айда 173 шара өткізген. Бұған бес мыңнан астам еріктілер қатысты. Ең ауқымдыларына тоқталып өтсек, облыс волонтерлері Сирия мен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинап жіберді. Наурыз айында облыстың 200 волонтерлерінің қатысуымен «Жақсылық жаса!» жалғызбасты қарттар мен науқастардың аула аумақтарын тазалау бойынша қайырымдылық көмек көрсетілді, - деп атап өтті Данияр Жүнісов.
Сонымен қатар Абай облысында болған оқиғалаға байланысты волонтерлер 20 тонна гуманитарлық жүк жіберілген болатын.