KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Мәжіліс төрағасы ШҚО-да волонтер жастармен кездесті

11.01.2020, 05:46 246

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың қабырғасында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды волонтерлер жылы деп жариялауына орай өңірдегі волонтерлер қатарындағы жастармен кездесіп, оларды толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жастар жағы алдағы уақытта волонтерлік жұмыс тәжірибесі жалпы еңбек өтіліне қосылатын болса деген тілек білдірді.

– Биылғы жыл бекерден бекер волонтерлер жылы болып бекітілген жоқ. Еліміздің жастарына өздерін көрсетуге үлкен мүмкіндік ашылып отыр. Айтатыным, бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып қалыңыздар. Ал волонтерлер туралы заң 2017 жылы қабылданды, онда осы мәселе қарастырылған болатын. Сондықтан мемлекет тарапынан еріктілерді қаржылай лайықты қолдау болады, – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.   

   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу