Президент Халықаралық волонтерлер форумына қатысты
Фото: egemen.kz
Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысқан Халықаралық волонтерлер форумы басталды.
Кешеден бері өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумына әлемнің 34 елінен 140-тан астам ерікті қатысып жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар жиынға 50-ге жуық шетелдік спикер келген.
Айта кетейік, кейінгі үш жылда елімізде волонтерлердің саны үш есе көбейді. Мысалы, 2019 жылы волонтерлік ұйымдардың саны 50-ден астам болса, қазіргі таңда 680-ге жетіп отыр. Сонымен бірге волонтерлердің саны 2019 жылы 50 мың болса, қазір республика бойынша волонтерлер саны 200 мыңнан асады.
Форумның негізгі мақсаты – волонтерлер қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені таныстырып, халықаралық аренада елдің оң имиджін қалыптастыру.