KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да 193 кәсіпорын банкрот деп тану рәсімінен өтті

Фото: egemen.kz

11.10.2023, 15:49 164

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің дерегіне сүйенсек, бүгінгі таңда облыста банкрот деп тану рәсімінен 193 кәсіпорын, оңалту рәсімінен 18 кәсіпорын өткен. 2022-2023 жылдары 6 кәсіпорында оңалту жоспары толық орындалған.

Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова Аймақтық коммуникациялар қызметінде осыған қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Оңалту және банкроттық» туралы Заңда екі рәсім қарастырылған. Бірі – банкрот деп тану, екіншісі – оңалту рәсімі.

– Банкрот деп тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшiнің негiзiнде ерікті түрде белгiленедi. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңда уәкілет берiлген өзге де тұлғалардың сотқа берген өтiнiшiнің негiзiнде мәжбүрлі түрде белгiленедi. Яғни борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішті борышкердің өзі де, кредиторлар да бере алады, – дейді Сайран Уалибекова.

Борышкердің төлем қабілетсіздігі банкрот деп тану үшін сотқа өтініш беруге негіз болады. Міндеттемеде белгіленген борыш борышкердің мүлкінің сотқа өтініш берген уақыттағы құнынан асып кетсе төлем қабілетсіздігі орнықты деп танылады.

Банкрот деп тану және ол рәсімді жүргізу 9 айға созылады. Ол белгілі себепке байланысты екі жылға ұзартылуы мүмкін.

Ал оңалту рәсімінде борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру үшін қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық шаралар және заңнамаға қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады.

Оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті борышкер және кредитор жолдай алады.

– Оңалту рәсімінің аясында борышкер кредиторлармен бірігіп кәсіпорынды оңалту жоспарын құрады. Онда кредиторлардың тізіміне сай кредиторлық берешекті төлеу кестесі қарастырылады, – дейді ол.

Ал оңалту жоспарын іске асыру мерзімі 5 жылдан аспауы керек.

             

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив