KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Банкроттықты жариялау: 50 мыңға жуық қазақстандық өтініш берген

Фото: Шартты сурет

4.05.2023, 09:32 342

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Меруерт Сисембаева азаматтарды банкрот деп тану жұмыстарына қатысты мәлімдеме жасаған.

Дерекке сәйкес, банкрот деп тануға өтініш қабылдау жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін 49 113 азамат банкрот мәртебесін алуға өтініш берген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– 3 наурыздан бастап елімізде азаматтардан өзін банкрот деп жариялауға өтініш қабылдана бастады. Бүгінгі жағдай бойынша 49 113 азамат банкрот мәртебесін алуға өтініш берді. Өтініштер қаралып жатыр, дегенмен басым бөлігі бойынша бас тартылып жатыр. Статистикаға сүйенсек, 36 мыңға жуық азаматтың өтініші кері қайтарылды. Ал 6058 клиенттің сотсыз банкрот атану өтініші рәсімделді, – дейді Меруерт Сисембаева.

Құзырлы мемлекеттік органдар және кірістер комитеті өтініштерді 15 жұмыс күні ішінде қарайды.

Талап бойынша, банкрот атануға ниет білдіргендердің соңғы 12 ай ішінде төлем бойынша берешегі болмауы тиіс. Қажетті мәліметті кредиттік бюродан алдын ала білуге болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу