Оңалту рәсімі туралы не білеміз?
Фото: ашық дереккөз
Оңалту рәсiмi – сот тәртібімен қолданылатын рәсiм.
Оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа борышкердің өзі және кредиторлар жүгіне алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның мәлімдеуінше, егер өтініш берілген күнге мынадай бір немесе бірнеше мән-жай болса, төлем қабілетсіздігі уақытша болып табылады:
1) өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар, алименттерді өндіріп алу бойынша кредиторлар алдындағы міндеттемелер, еңбекке ақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және жарналар бойынша берешекті төлеу жөніндегі, сондай-ақ қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар бойынша міндеттемелер оларды орындау мерзімі басталған күннен бастап үш ай ішінде орындалмаса;
2) өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелер оларды орындау мерзімі басталған күннен бастап төрт ай ішінде орындалмаса, төлем қабілетсіздігі уақытша болып табылады.
Оңалту рәсімін қолдану аясында борышкер кредиторлармен бірігіп кәсіпорынды оңалту жоспарын жасап, мұнда кредиторлар тізіліміне сай кредиторлық берешекті төлеу кестесі қарастырылады.
Оңалту рәсімінде келесі негізгі түсініктер қолданылады:
- оңалтуды басқарушы – осы Заңда белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмi кезеңiнде борышкерді басқару жөнiндегі өкiлеттiктер жүктелген тұлға;
- оңалту жоспары – борышкердің төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру мен жұмыс орындарын сақтау мақсатында оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған және борышкер мен кредиторлар арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигін қоса алғанда, iске асырылу мерзiмдерi, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тәуекелдер көрсетiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенi.