KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Республика күніне орай мерекелік челлендж басталды

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
18.10.2023, 13:49 649

Республика күніне орай жастар #RepublicDay челленджін бастады.

Шара ұлттық мерекенің мәнін арттыру, жастар арасында дәріптеу, олардың жетістігі мен елдің дамуына қосқан үлесін көрсету мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Акцияны ҚР Президенті жанындағы жастар кеңесінің мүшелері, Республикалық Жастар ұйымдарының көшбасшылары, әртүрлі салада жетістікке жеткен белсенді жастар қолдап, қатысып жатыр.

ШҚО жастары осындай шараларға әрдайым белсенді қатысып, қолдау көрсетеді. Бұл жолы да облыс жастары акциядан тыс қалған жоқ. Әлеуметтік желіде облыстық Жастар орталығы директорының міндетін атқарушы Данияр Жүнісов, Өскемен қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Айдос Әділбеков пен депутат Бақытжан Ерболқызы, Самар ауданындағы ЖРО-ның директоры Ерназар Сауық, ШҚ Студенттер альянсының төрағасы, облыстағы студенттердің омбудсмені Әділет Кәрібаев, Тарбағатай, Күршім аудандарының жастары және өзге аудандардағы жастар пост жариялап, акцияға қатысатынын білдірді.

 Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл мереке тойлана бастады. Мерекені жастардың арасында насихаттау үшін қатысып жатырмыз. Акцияны қаладағы барлық жоғары оқу орындарына, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелеріне және белсенді жастарға жолдаймыз, дейді Өскемен қалалық ЖРО қызметкері Бақытжан Ерболқызы. – Бұл акция өзгелерінен ерекше. Жай ғана хештег белгілеп сала салатын пост емес. Әркім өзінің еңбек жолы, егемендік алғалы бері қандай іс атқарғаны жайлы, қызметіндегі қызықтар туралы жазады. Осы арқылы жастардың мерекеге қызығушылығын арттырып, олардың бойына патриотизмді ұялатуға үлес қосу ниетімен акцияға қатыстық. Қазіргі таңда жастар белсенді қатысып, челленжді қабылдап алып жатыр.

Жастар халықты мерекеге орай құттықтап, еңбек жолын баяндайды. Олар замандастарын акцияға қосылуға шақырып, мерекенің мәнін насихаттауды көздеген.

Бұл акцияға барша азамат, жастар қатыса алады. Қатысушылар әлеуметтік желіде жетістігі мен еңбек жолы туралы ақпарат жариялап, #RepublicDay хештегін белгілейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу