А.С.Пушкин атындағы кітапхананың оқырмандарына цифрлық қызметтердің 17 түрі көрсетіледі
Фото: kzaif.kz
Бүгінгі таңда аймақтағы ең ірі кітапхананың кітап қоры – 239 мың дана, оның ішінде 13 мыңнан астам құжат цифрлық форматқа көшірілген.
Кітапханадағы үдерістерді автоматтандырып, электронды форматқа көшіру – бұл заман талабы, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Әрине, оқырмандар кітапхананың қорына бұрынғыдай «классикалық форматта» да қол жеткізе алады. Бірақ халықтың сұрауларына әрекет ету жедел әрі ыңғайлы болуы үшін Шығыс Қазақстанның кітапханаларының жұмысын бүгінгі заманның талабына сай етіп қайта бағдарлау қажет. Атап айтсақ, жұмысты автоматтандыру, кітап қорын ыңғайлы цифрлық форматқа көшіру, кітапхананың бағдарламалық жасақтамасы мен сайтын жаңарту, қарапайым әрі қолжетімді ұялы қосымша жасап шығару керек. Бұл оқырмандарға аймақтағы кітапханалардың кітап байлығын пайдаланудың әдісі мен формасын өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.