KZ
Өскемен
-3°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
478.96 533.03 5.22

Жолда қалған 54 көлік шығарылды — ШҚО

Фото: egemen.kz

30.10.2023, 16:39 171

Аймақта күн райы бұзылып, жаңбырдың арты қарға ұласып, жол жүру қиындай түсті. Соған қарамастан жол қозғалысының қауіпсіздігі мен үзіліссіз ағынын қамтамасыз ету үшін арнайы мекемелер қолдан келгенді істеп бақты.

Қажетті осындай шара «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» бағытындағы республикалық маңызы бар жолда уақытылы жүргізіліп отырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

29 қазанда аталған бағыттың 0-337, 341-450 шақырымында бірқатар жұмыс атқарылған.

0-84 шақырымына жауапты мекеме жолдағы қауіпті учаскелерге 60 текше метр арнайы материал төккен. Жолды тазалауға қар тазалайтын 6 арнайы көлік шығарылған. Күн райының бұлай құбылатынын күтпеген жүргізушілер жолда қала жаздаған. Мекеме қызметкерлері қысқы дөңгелегі жоқ 13 көлікті жолға салған.

Ал 84-220 шақырымында қар тазалайтын 5 техника қызмет көрсетіп, жолға 50 текше метр арнайы материал төкті. Бұл учаскеде 15 көлік жолда қала жаздады.

«ДЭУ-27» мекемесі қызмет көрсететін 220-337,341-450 шақырымды 3 техника тазалап үлгеріп, 25 текше метр арнайы материал сепкен. Алайда аталған жолда қозғалысы қиындаған 26 көлік қардан шығарылды.

Аталған бағыттағы жолды тазалауға 14 көлік шығарылып, учаскелерге 135 текше метр арнайы материал төкті. Жолда қалған 54 көлік шығарылған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив