KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

ШҚО-да екі айда 34 мың адам тұмауға шалдыққан

11.11.2023, 11:28 227 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысында жедел респираторлы вирустық инфекцияға шалдыққандар саны күрт көбейді. Соңғы екі айдың ішінде 34 мың адам тұмауға шалдыққан.

Күннің күрт суытуы мен апталап жауған жаңбырдың кесірінен науқас саны көбейді дейді дәрігерлер. Әсіресе жұқпалы ауру балаларды баудай түсіруде. Мәселен, екі айда тіркелген 34 мың науқастың 20 мыңнан астамы балалар екен. Бұл көрсеткіш өткен жылғы статистикамен салыстырғанда 30 пайызға көп. Яғни өңір тұрғындарының төрттен бірі суық тиіп сырқаттанды деген сөз. Сондықтан жұрт жаппай тұмауға қарсы екпе салдыруға асығуда. 

— Жалпы 27 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін 76 мың 700-дей адам екпе алды. Оның 75 мыңы тегін алса, 1445-і жұмыс берушілер қаражатына және 230 адам ақылы түрде екпе алып отыр. Бәрін екпе алуға шақырамын, - дейді ШҚО санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы
Қанат Тұрдиев. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив