ШҚО-да қызылшамен ауырғандардың саны 16 есе көбейді
Шығыс Қазақстанда қызылшамен ауырғандардың саны барған сайын артып келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тек соңғы үш айда науқастардың саны 16 есе көбейген. Осыған байланысты қауіпті инфекцияға қарсы қосымша екпе егілетін болды.
2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында жалғыз адам қызылшамен ауырған болса, 2019 жылдың үш айында 16 науқас тіркелген екен.
ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының айтуынша, 14 жасқа дейінгі 3578 бала мен 40 жасқа дейінгі 4693 медициналық қызметкерге екпе қойылған. Алдағы уақытта бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға тегін қойылатын болады.
Оқи отырыңыз